Атыраудағы «айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» дейтіндей жауыры шыққан әңгіменің бірі - Азғыр полигонына қатысты. Бүл жерде қазірде ешқандай сынақ жургізілмейді. Әйткен-мен, ұзақ жылдар бойына зардап шеккен тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы одан жақсарып кеткен жоқ. Осыдан екі ай бұрын ондағы жүзге тарта тұрғынның денсаулығы кешенді тексеруден өткізілді, алайда, нәтижесі әлі күнге жария етілмей отыр. Арғы беттегі шекара ашық қалады деп алаңдағанмен, ешқандай әлеуметтік-көпшілік орындары жоқ, өзімен-өзі қалған азғырлықтарға да обал.
«Семей-Невада» антиядролық қозғалысы Батыс аймақтық филиалының директоры Ізімғали Көбеновтің қатысуымен болған дөңгелек үстелде еліміздегі осы және басқа да полигондардың зардаптарын жою төңірегіндегі мәселе көп талқысына салынды. Қазақ жерінде қырық жылдан астам уақыт ішінде барлығы 470 жарылыс болыпты. Одан бері арада сан жылдар өтіп, ұрпақтар ауысса да, топырақтың зиянсыздығы, адамдардың денсаулығы жөнінде кешенді де тиянақты зерттеулер жүргізілмеген деген пікірде І.Көбенов.
Батыс өңірі бойынша айтсақ, Ақтөбе облысындағы Байғанин, Шалқар, Мұғалжар аудандары зерттеуді қажет ететін бірден-бір полигондар қа- тарына енеді. Бұл жерлерде қатерлі ісік ауруына шалдыққан науқастарға көмек көрсетіледі. Сол сияқты, оралдықтарға да Жаңақала ауданында орналасқан сауықтыру орталығы қажет кезде жәрдем беруге әзір. Ал, Маңғыстауға қарасты Қошқарата полигондық жерінде мұндай жұмыстар әзірге қолға алынбаған. Атырау облысы бойынша осы бағыттағы іс-шаралар қолға алынуы тиіс. «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің Батыс аймақтық филиалының ардагері, институт профессоры Тілепқазы Ерғалиевтың айтуынша, жарылыстардың адамның денсаулығына және биосфераға тигізген және әлі де тигізіп жатқан әсерлері зерттелместен жатыр. «Жарылыстардың болашақтағы генетикалық әсері қандай болуы мүмкін?» деген мәселе мүлде зерделенбеген. Құзырлы мекемелер кешенді ғылыми бағдарлама жасамаса, бұл мәселе шешілмейді. Жерді пайдаға жарату үшін бір ғана зерттеудің оң нәтижесін негізге алып, тоқмейілсіп қалудың арты қауіпті болуы да мүмкін. Толыққанды зерттелмеген аймаққа дән егілсе, радиация өсімдік тамырлары арқылы жер бетіне кері шығады. Сондықтан, мұндай іске аса мұқияттылық керек. Ал, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Орақ Бисенбиев Атырау өңіріндегі Азғыр, Нарын, Тайсойған полигондық аймақтарының салдарын тиянақты зерттеу үшін бірер күн аздық етеді, ол үшін бірнеше жылдар керек деген пікірде. Атырау Мұнай және газ институтының оқытушысы Мұрат Лекеров Семей өңірінде туып-өскен азамат. «Семей жерінде қатарлас өскен, тоқсанға жуық бала мектепті бірге бітірген едік. Бүгінгі күні солардың жартысынан көбі өмірде жоқ. Бұл полигон зардаптарының көрінісі екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Сондықтан, мұндай жайды ескеріп, бізді ғана емес, ұрпақтарымызды да толық медициналық сараптамадан өткізу қажет, осындай жандарға тегін медициналық қолдау көрсетуді қайта жандандырсақ та артық етпейді. Себебі, адам бойында қалған радиацияның ұшқындары бір кездері қайта білінеді» деді ол. Шара соңында «Невада - Семей» антиядролық қозғалысы» Батыс аймақтық филиалының директоры Ізімғали Әбдірахманұлы полигон тақырыбындағы зерттеулерге үн қосып жүрген Атырау өңірінің азаматтарына алғысхат табыстады.
Құралай Қуатова. Полигоннан зардап шеккендер аз емес. // Заң газеті.- 2014. - 4 наурыз- 5 б.