Кеңес Үкіметі тұсында жоғарғы деңгейдегі басшыларды бірде жоғары, бірде төмен ауыстырып тұру дағдыға айналған болатын. Осындай Орталықтың кадрлық жүйесінің жөнімен М.Сужиков 1958 жылдың қаңтарындағы сары аязда Сарыарқамен тұтасып жатқан Семейге, облыстық партия комитетінің бірінші хатшылығына жұмысқа жіберіледі. Бұл ежелгі қазақ жері, ұлылар мекені, қазақ әлеміне Абай, Шәкәрім мен Мұхтарды берген қасиетті топырақ екені жұртқа мәлім. Осы мәселе бойынша сол күндерді еске алуда, жазылған деректерге байланысты, қайталап жазуды М.Ә.Сужиковтің өмірбаянын келешек ұрпаққа патриоттық тәрбие ретінде қалдыруды жөн көрдім. Семей - дәстүрлі өндірісі мен аграрлық секторы дамыған әрі рентабельді аймақ болған. Бірақ жаңадан келген басшының күндердің күнінде жоғарғы партиялық қызметтен кетуіне негізгі себеп осы Семейдің сынақ полигоны болатынын ол кезде кім біліпті. Мұхамедғали Өленүлы Сужиков - кернекті қогам жөне мемлекет қайраткері. 1910 жылы Астрахан қаласының маңында балықшы отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын мектеп мүғалімдігінен бастаған. Одан кейін жұмысшы факультетінің директоры. Астрахан облысындағы Володар аудандық атқару комитетінің терағасы болып жұмыс істеген. Соғыс кезінде Сталинград облысында соғыс аймағы жанындағы қорғаныс мақсатындағы құрылыстар мен ұшқыштар батальонының қалыптасуын үйымдастырған. Соғыстан кейін М.Ә.Сужиков Астрахан, Қостанай облыстық партия комитетінде хатшы, Ақтөбе, Қызылорда, Семей облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланады. М.Ә.Сужиков бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы кеңесіне депутат болып сайланады. Семей өңіріне келуімен ол жаңа жұмысқа ерекше жігермен кірісті. Соның арқасында облыстағы 1959 жылғы алған жоғары социалистік міндеттемесін абыроймен орындап шығады. Алайда, бұл жолы Мұқаң КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен мемлекетке ет және басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдіру мен сатуда жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін «Еңбектегі - ерлігі үшін» /За трудовую доблесть / медалімен марапатталады. Ол кезде мұндай жетістіктер үшін облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы ең кемі «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталатын. Мұның басты себебі М.Ә.Сужиковтің Семей сынақ полигоны туралы Мәскеу мен Алматыдағы басшыларға жазған хаты болатын. Бұл Орталықтағылардың Сужиков жөніндегі көзқарастарының қүрт өзгергенін көрсетеді. Тегінде Сужиков басшылық еткен кезеңнің облыстың ауылшаруашылығы жаңа өсу кезең болған. Бірак полигонды жария етіп, халықтың қамы, олардың келешек ұрпағының денсаулығы үшін күрес жарияға тайсалмай өз ойын айтқан М.Ә.Сужиковті КСРО - орталық комитеті жұмысты ақсаттың деп орнынан босатуды кездеп, облыстың пленумын ашады. Сонда ешкім сөйлей алмай, жарты сағатта пленумды аяқтамақшы болады. Сол сәтте облыстық партия комитетінің пленум мүшесі, Отан соғысының ардагері Жаңасемей ауданының, Калинин атындағы колхоздың төрағасы (қазіргі Социалистік) Жұмағожа Құдайбергенов сөз алып, Орталық Комитеттің жіберген инспекторы екі күнде ешқандай мәселелердің шешілуіне немқұрайлы қарап, істің мәнжәйін білмейді деп, Сужиковтің істеп жатқан істерін оң бағалап, Орталық Комитетті істеп отырған ісін ешқандай партиялық принциптерге жатпайды - деп сегеді. Неге обкомның екінші хатшысы, ауылдық райкомдардың бірінші хатшылары орнынан алынбайды деп, мұның бәрі жасалып отырған қиянат деген пікірін білдіріп трибунадан түсіп кетеді. Дегенмен М.Ә.Сужиковті сол Пленумда орнынан босатады. Жетістікті атамай етуге ұялған, бірақ жоғарғы награда бере алмаған Кеңес Үкіметі 1947 жылы ежелгі қазақ жерін сынақ алаңы етіп, жергілікті халықты сынақ объектісіне айналдырған бола¬тын. Атом бомбасының бірінші сынағы 1949 жылы қыркүйекте болғанды. Жұртшылық оны білгенімен, бірақ полигон зардабы ете құпия жағдайда ұсталады. Бұл жөнінде облыстық партия комитетінде еш материал болмайды. М. Сужиков ештеңе біле қойған жоқ. Себебі, полигон мемлекеттік құпия. Алайда, хатшы түн ортасына дейін жұмыста отырып, ертеңгісін қызметке келгенде обком үйі терезесінің сау-тамтығы қалмағанын кереді. Жер шайқалғанда жылу қазандықтарындағы пештерден шоқ төгіліп, содан өрт шыққан оқиғалар да болған. Жұмыс барысында аудандарды аралағанда адамдардың денсаулығымен танысады. Өз бетінше ақпарат жинайды. Бірақ, тікелей әрекетке бара қоймайды. Қолда нақты мәліметтер жоқ. Академик Сайым Балмұханов өзінің «Атомный полигон моими глазами» деген мақаласында Семей облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы М.Ә.Сужиковтің кабинетінде бірінші кездескенде полигон өкілі бұрын дайындалған мәліметтерін айтып, сол кезде байқалған нышандар мен синдромдардың негізгі себебін дәрумендердің жетіспеушілігімен, тұрғын халықтың бруцеллез, туберкулез, тағы басқа науқастардың ауыр күйімен түсіндіріп, сынақтың тікелей зардабына шаң тигізбейді. Қарсы жақтың бұған ол кездері дәлелдері бола қоймайды. Өйткені, қолда тұрғындардың тамақтарындағы дәрумендер туралы ешқандай мәлімет жоқ болатын. Осыдан кейін С.Балмүханов бұл жағдайды өзі бас радиолог болып істейтін Халық денсаулығын сақтау министірлігі басшылығына мәлімдейді. Бұған Полигоннан хабардар Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың өзі тікелей араласып, соңғы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген кешінде, көпсалалы экспедиция құрады. Сөйтіп, 1958-1959 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының экспедициясының Шұбартау деген ауылымен және Ақтоғаймен салыстыра отырып, Саржал, Қайнар, Қарауыл, Знаменка елдімекендеріндегі сыртқы даланың, тамақ өнімдеріндегі радиоактивтілікті зерттегенде оның әсіресе, қой еттерінде, сүт өнімдерінде ерекше жоғары екендігі байқалады. Осыларды және басқа мәліметтерді Республиканың жетекші маманынан білген М.Ә.Сужиков 1959 жылы мамырда КСРО Жоғарғы кеңесінің сессиясы кезінде, әділет маршалы Р.Я.Малиновский мен кездеседі. «Әскерилер Абыралы, Май аудандары халқын баспанасыз қалдырып отыр. Ешқандай көмек керсетпейді. «Бейбіт күндегі бұл не қылған соғыс» деп келе, экспедицияның мәліметтерін көлденең тартып, полигонға баруына жол ашуын талап етеді. М.Ә.Сужиков полигондағы жаңа заманға сай каланы Курчатововты көріп, таң-тамаша қалады. Алайда, ондағы жергілікті халықты билеп-төстеп үйренген ғалымдар мен әскерилер бірінші хатшымен ресми түрде ғана әңгімелеседі. Полигоннан келе салысымен обкомның бюросын шақырып, осы кезге дейінгі жиналған ақпараттың барлығын жайып салады. Бюро мүшелерінің ішінде «бұл құпия мәселе, әрі бұл біздің айналысатын шаруамыз емес» деушілер болады. Дегенмен, бір аптадан кейінгі жиналыста бюро мүшелерінің көпшілігі халыққа қатысты қиянатпен күрестен бас тартпайтындықтарын айтып, бірінші хатшысын қолдайды. М.Ә.Сужиков 1959 жылы жасалған Семей сынақ полигонындағы атом және термоядролык қаруды сынаудың зардаптары туралы КПСС Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев пен Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы К.И.Беляевке кұпия хат жолдайды. Онда Семей полигонындағы атом және термоядролық қаруды сынаудың зардаптары туралы айтылады. Мұны Мәскеу мейлінше теріс қабылдайды. Алайда, КСРО Министрлер Кеңесі Семейдің жергілікті халқына аз да болса материалдық және медициналық көмек көрсету жөнінде құпия қаулы қабылдайды. Бұл сынақ басталғаннан 10 жыл еткеннен кейін кабылданған бірінші шара еді. Осы хаттың тарихы туралы академик Сайым Балмұханов былай дейді:
- Жаңылмасам, 1959 жылы Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі С.Р.Қарынбаев өзінің орынбасарларының бірі Әнуар Заримовпен мені Семейге жіберді. «Біздер кандай жұмыспен бара жатырмыз» дегенімізде, «Барған соң айтады»,-деді. Бізді әуежайда қарсы алып, обкомға алып, обкомға алып келді. Төрде Сужиков, кабинетте тағы басқа бірнеше үлкен кісілер бар екен. Біздің алдымызға қағаз қойылды. Онда «сынақтың тірі жанға ешқандай зияны жоқ» деген ақпарат бар екен. Бәрі қол қойып жатқан соң, мен де қол қойдым. Сосын бәріміз шығып кеттік. Мен облыстық ауруханаға бардым. Оның бастығы Вера Владимировна өте көркем орыс әйелі екен. Ол: «Сіз радиологсыз ғой, ауруханада төрт-бес бала жатыр. Қойшылардың балалары. Маған солардың денсаулығы ұнамайды», - деді. Көрдім. Балалардың нұрларынан әлсіздік байқалады. Біреуі вектерпиния сиякты екен. Екіншісінің басы ойма-ойма таз болып қалыпты. Сосын мен «сіздер шашты қалпына келтіруге ем жасадыңыздар ма?» деп сұрадым. Дәрігер: «ондай болған жоқ», - деді. «Ендеше, шаш неге түседі? Не болды екен?» - деп ойландым. Ертеңінде обкомға қайта бардым. Жұмыс көп болса да, мені хатшы қабылдады. Мен көргенімді айттым да, «кеше танысып қол қойған қағазымыздағы ақпаратқа бүгінгі көргенім күдік туғызады» дедім. Хатшы: «Үндеме мен де біліп отырмын» - деді. КГБ тарапынан Семейдің дәрігерлеріне сәуле алған ауруларға қан ауруы деген диагноз қойғызбай /белокровие/ барлығына басқа диагноз қойыңдар деп тапсырма берілген көрнеді. Ол кісінің де, менің де іштей біліп отырғанымыз осы. Хатшы біраз ойланып, министр С.Р.Қарынбаевпен сейлесті. Олар бірін-бірі бала кезден таниды екен. Олардың телефонмен неге келіскенін білмедім. Мен Алматыға қайтып С.Р.Қарынбаевқа келдім. Ол: "Экспедиция кұрайық. Бірақ мен ректорыңа бұйрык бере алмаймын. Содан соң Семейді тексеруді тоқтатайық. Семейден аулақ болыңдар деп бізге ресми кісілер келіп кеткен. Адам тапсам ректорыңа айтайын», - деді. Менің университетте жұмыс істеп жүрген кезім. Сонда сабақ беремін. Әуелі бірсыпыра кісілермен сейлесіп едім, ешкім барғысы келмеді. Сөйтіп жүріп, әйтеуір, 5-6 кісі жиналды. С.Р.Қарынбаевка тізімді апарып бердім. Содан кейін ректор Иван Сергеевич Корекиннен бұйрық алып кеттік. Бірақ полигон бастығы: «Ешқандай қызметкерлеріңіз ешқайда бармайды. Сіздер білмейсіздер ме? Сіздің қарауыңыздағы адамдардың барлығы сенімсіз адамдар. Көбісінің туыстары халық жауы болып ұсталып атылғандар, Сібірге айдалғандар», - деп рұқсат бермеді. Сосын жоғарғы жақпен сейлесіп едім, олар обком рұқсат берсе, кіруге болатынын айтты. Осылай Мұкаңа екінші рет бардым. Жағдайды түсіндірдім. Ол бірден телефон арқылы сейлесті де, маған сол кісіге бар деді. Жіберілген обкомның инспекторы екен, бізге керек кісілерді жиып берді. Біраз жұмыс істедік, 100 кісінің денсаулығын зерттеп едік, көбісінде қан кысымы төмен екен. Бұрынғы экспедиция құрамын тараттық. Қаныш Имантайұлы Сәтпаевты араластырып, жаңа кұраммен зерттеу басталды. Біздің Мәскеуге жазған хатымызға «Все указанные болезни действительно имеют место, это состояние вашей республики, белка не хватает, витамины не хватают, грязь, вшивость, бруцеллез процветает, что вы хотите», - депті. Мұқан екеуміз не істейміз деп ақылдастык. Мен Семейден қашык жерлерді зерттеуді ұсынып, Ұлытау мен Шұбартау аудандарын зерттедім. Бұл аймақта аурулардың саны ерекше аз болып шықты. Бұл материалдың барлығын Мұхаңа апарып бердім. Сосын бір күні ол шакырып алды да, маған жазайық деді. Сосын жаздык. Есімде қалғаны, сол 1949 жылдан бастап халыққа радиоактивті заттың түсіп жатқанын, халық ішінде ақ қандық көбейіп, лейкоциттердің саны азайып кеткеніне, көп әйелдердің етегінен қан кетіп, балалар жасына жетпей туылып жатқанын және тағы басқа мәселелерді қамтыдық. Менің көзімше осылардың барлығын өзі телефон шалған кісіге айтты. Бірақ мен оның кім екенін білгенім жоқ. Осылай жоғарғы жаққа хат жазылып еді, - деп сөзін аяқтады Сайым аға. «Невада-Семей» қозғалысы ұйымдастырылып, Семей қаласында, Абай ауданында митингтер өтіп, осы қозғалыс жалғасын тауып еді. Бірақ полигонның жабылуы тек қана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлығымен тікелей байланысты. Семей полигоны туралы тұңғыш жанайқайдың авторы Мұқамедғали Әленұлы Сужиков екенін осы кезге дейін көп адам біле бермейді. Одан кейінгі уақытта бұрынғы Семей обкомының I - хатшысы марқұм Кешірім Бозтайұлы Бозтаев болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінде әсіресе 12- шақырымында неше мәрте сөз сөйлеп, ядролық сынаққа қарсы екенін білдіріп, халық депутатарын полигонның жабылуына шақырды. Осы сынақтың тоқталуына өзінің Жарлығымен нүкте қойған тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Доғалақов А. Жарылысқа қарсы жанайқай //Семей таңы.- 2014. -№66. - 22 тамыз- 3 б.