1. Аймақов (Махмут) Мүтән. Көргендерім: естеліктер. - Семей, - 2001. - 176 бет.
Кітапта 1949 жылдан 1991 жылға дейін Семей облысындағы ядролық полигондағы жарылыстар, олардың зардаптары туралы ешбір бүкпесіз ащы шындық түрінде баяндалады.
2. Сейсенұлы Дәулет. Семей елі, Семей жері: деректі әңгіме, очерк, публицистика, толғау. - Семей қаласы, 2001 жыл. - 404 бет.
Бұл кітапта Семей өңірінің соңғы 10 жылдағы тыныс-тіршілігі қақында ел басшыларымен сұхбат, өтпелі кезеңнің қыр-сырын бейнелейтін проблемалық мақалалар мен ажал аждаһасы атанған Семей атом полигонының күрделі проблемалары баяндалады.
3. Төлеубаев Б.Ә. Ядролық тарихы бар табиғи орта экологиясы: оқу құралы. - Курчатов, 2001. - 144 бет.
Оқу құралында ядролық жарылыстар мен қаруларды сынау жұмыстары жүргізілген аймақтардың экологиялық күйін танып білуге қажетті теориялық мағлұматтар мен практикалық шаралар қарастырылған. Семей сынақ полигоны жайлы ақпараттар, табиғи ортаның радионуклидтік ластану ерекшеліктері және радиациядан
қорғану мәселелері қамтылған.
4. Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. – Астана: Елорда, 2001. – 304 б., суретті.
Кітапта Семей жеріндегі ядролық жарылыстардың зұлмат зардаптары, ядролық әзәзіл, Қазақстанның ядролық қарусыз болашаққа беталысы баяндалады.
5. Олжай Қ. Президент пырағы (репортаждар кітабы). – Алматы: Атамұра, 1994. – 208 б.
Автор Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Қазақстан Президентінің Жарлығынан кейін құлағы тыншыған Абай елінің тұрмыс-тіршілігіне ой көзімен үңіледі.
6. Байғабылұлы Е. Ядролық зұлмат. – Алматы: Қазығұрт баспасы, 2012. - 304 б.
Бұл кітапта ел өміріндегі саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік өзгерістерге әлем елдері тәжірибесімен салыстыра отырып, сараптама жасалады. Автор ядролық зұлмат қарудан өз еркімен бас тартқан мемлекетіміздің ғаламдық бастамалары мен бүкіл әлемді алаңдатқан ядролық қауіпсіздік түйткілдеріне қатысты ой толғайды.