Онлайн фильм


  1. Ядерный полигон (1990) деректі фильм
  http://dokumentalkino.net/sovremennaya-istoriya/1810-yadernyy-poligon-1990.html
  Бұл фильмде қуаттылығы бірдей жер үсті және ауадағы ядролық жарылыстардың зақымдаушы әрекеті салыстырылады, сонымен қатар сынақ полигондарын дайындау және нәтижелерге қол жеткізу тәсілдері баяндалады. Фильм барысында әр түрлі қашықтыққа ұшатын баллистикалық және тактикалық зымырандар, торпедалар, әуе бомбалары және тағы басқа алуан түрлі ядролық және термоядролық сынақтар сипатталады. 1961 жылы Семей сынақ полигонында жасалған жер үсті, ауа, жер асты ядролық жарылыстардың әдістері жайлы сөз қозғалады. Семей полигонында жер үстінде сыналған 1000 тонна кәдімгі жарылғыш заттың нәтижесін алу және тіркеу тәсілдері айтылады.
  
  2. Семипалатинский полигон (2004) Деректі фильм
  https://www.youtube.com/watch?v=A2PBtdEgDEU
  1949 және 1989 жылдар аралығында Совет одағы аумағында барлығы 715 ядролық жарылыс жасалған, оның ішінде 456-сы Семей полигонында сыналған. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1991 жылғы 29 тамыздағы № 409 Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигоны мәңгіге жабылды. Жабылу кезінде Семей полигонындағы негізгі қордың құны 1,5-2 млрд. долларды құрады. Қазіргі уақытта бұрынғы Семей полигоны базасында Қазақстанның ұлттық ядролық орталық құрылды. Бұл орталық ядролық сынақ нәтижесінде қоршаған орта мен халыққа келген зардаптарды бағалаумен айналысуда.
  Бұдан 54 жыл бұрын алғашқы совет атом бомбасын сынау мақсатында Қазақстан даласында полигон құру жұмыстары басталған болатын. Ядролық қалқанның жасалуы туралы көптеп айтылды, бірақ дәл Семей полигонының салынуы және атом және сутегі бомбаларын сынауға тікелей үлес қосқан азаматтар туралы ешқандай да ақпарат жоқ деуге болады.
  Фильм барысында басты рөлдерде болған ғалымдар емес, қарапайым құрылысшылар мен әскери қызметкерлер көрермендерге кадрдан тыс қалған жайттарды баяндап берді.
  
  3. Семипалатинский ядерный полигон. Есть ли жизнь после взрывов?
  https://www.youtube.com/watch?v=V-5qFkuUFWs
  1949 жылы 29 тамызда таңертеңгі сағат 6.30-да Семей полигонында халыққа алдын ала ескертілместен қуаттылығы 22 килотонна болатын алғашқы ядролық бомба жарылды. Жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары қауіпсіз жерге мүлдем көшірілмеді. Адамдар ядролық жарылыстан пайда болған «саңырауқұлақты» көруге далаға шығып жатты.
  
  4. Испытание РДС-37 на Семипалатинском полигоне
  https://www.youtube.com/watch?v=JkQjMI18dNw
  РДС-37 — Совет одағындағы алғашқы қос сатылы термоядролық бомба. 1955 жылдың 22 қарашасында Ту-16 бомбалаушы ұшағынан Семей полигонына тастау арқылы сыналған. Бомбаның нақтылы көрсетілген қуаттылығы шамамен 3 Мт құрады, бірақ сынақ кезінде шамамен екі есеге, яғни 1,6 Мт дейін төмендетілді. Жарылыс 1 Мт белгісін еңсеру мүмкіндігін дәлелдеді. Ол үшін жинақтау алдында дейтерид литийді сығу («сәулелі имплозия») үшін бөлінген рентген сәулелері пайдаланылды. Құрамында уран-238 ядросы және тұрақты қатты заттың заряды, дейтерид литий-6 зарядынын болуы жасалған РДС-37 бомбасының басты ерекшелігі болып табылады.
  
  5. Воздушный ядерный взрыв на Семипалатинском полигоне
  https://www.youtube.com/watch?v=bJY5GZzAJjI
  
  6. Подопытное поле. Семипалатинский испытательный ядерный полигон.
  https://www.youtube.com/watch?v=cYuGi2Sv3Qk
  Екінші Дүниежүзілік соғыстың соңы. Фашистік Германия мен милитаристік Жапония жеңіліс тапты. Әлемдік саяси алаңда екі жаңа көшбасшы және ымыраға келмейтін бәсекелес - капиталистік АҚШ және социалистік КСРО пайда болады. "Қырғи қабақ соғыс" үшінші дүниежүзілік, яғни атомдық соғыс баталуда. Советтік ядролық сынақ орталығын Қазақстанда орналастыру шешімі қабылданды. Рекордтық қысқа уақытта аса құпиялы полигон мен режимдік қала құрылды. Семей полигонында жаппай қырып-жою қаруын сынақтан өткізу дәуірі басталды. Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда 456 жер үсті, ауа және жер асты атомдық жарылыстар жүргізілді.
  КСРО-да ядролық қалқанды кім және қалайша жасады? ТЕРГЕУ БЮРОСЫның түсірілім тобы сынақ полигонында болып, алғашқы термоядролық бомбадан кейін пайда болған шұңқырды өз көздерімен көрді. Полигон аймағында не үшін қала, зауыттар мен метро станциясын салды? Және бұл атомдық сынақтар болашақ ұрпаққа қандай кеселін тигізеді екен?
  
  7. Ядерный полигон. Часть 1 (из 9)
  https://www.youtube.com/watch?v=O_jiYATm4Gw
  8. Ядерный полигон. Часть 2 (из 9)
  https://www.youtube.com/watch?v=u-UBK1AIgGU
  9. Ядерный полигон. Часть 3 (из 9)
  https://www.youtube.com/watch?v=70R4m5bt4Lc
  10. Ядерный полигон. Часть 4 (из 9)
  https://www.youtube.com/watch?v=s8jmvFvCwOs
  11. Ядерный полигон. Часть 5 (из 9)
  https://www.youtube.com/watch?v=IPgGgg34V1Y
  12. Ядерный полигон. Часть 6 (из 9)
  https://www.youtube.com/watch?v=d-Lo3sehXVQ
  13. Ядерный полигон. Часть 7 (из 9)
  https://www.youtube.com/watch?v=C22J7QUxIMI
  14. Ядерный полигон. Часть 8 (из 9)
  https://www.youtube.com/watch?v=I_l2rKdyPFY
  15. Ядерный полигон Часть 9 (из 9)
  https://www.youtube.com/watch?v=ErdmxOadKBg
  9 бөлімнен тұратын бұл фильм Семей ядролық полигонында жүргізілген сынақтар туралы баяндайды. Кеңестік уақытта қызметтік қолданысқа арналған түсірілім.
  
  16. Молитва Лейлы: көркем фильм (2002 жыл)
  http://kinotrain.com/online/31341-molitva_leyly_molitva_leyly_2002
  Бұл оқиға құпия құжаттарда Дегелен N27 деп жазылған ауылда көрініс тапты. Семей полигонында өмір сүрген адамдар жайлы оқиға. Бірақ олар сыналып жатқандарын мүлдем білмейді.
  60-жылдардың басында ауыл тұрғындары ядролық жарылыстар, радиациялар туралы еш хабарсыз. Сондықтан да жарылыстан кейін пайда болған атомдық саңырауқұлақтарға қызыға қарайды. Тіпті ауылдағы адамдар, туған-туыстары не себепті лезде өмірмен қош айтысып жатқандарын білмейді.
  Ләйлә Семей облысындағы Дегелен ауылында дүниеге келген. Сол жылдары бұл жерде ядролық қару сынақтан өткізілді. Ләйлә бес жасқа келгенде беймәлім сырқаттан әкесі қайтыс болып, кейіннен шешесі көз жұмады. Қыз баланы әкесінің қарындасы Қатира есімді әпкесі асырап алады. Ләйлә он бес жасқа толғанда Қатира апайы көз жұмады. Содан кейін Ләйлә ұлды болады. Ол баласын қатты жақсы көріп, баласы ұзақ және бақытты өмір сүргенін қалайды...
  
  17. Эльвира Ерғалина Семей полигонының зардабынан бетін ісік жайлаған Берік Сыздықовтың үйінде. Сұхбат барысында ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтың тұрмыс-тіршілігі, ауруына байланысты шетелде жасалған оталардың нәтижесіздігі туралы, анасының ұлына бір баспана алып беру арманы екені баяндалады.
  http://xitfilms.ru/online/Ri1ONDdVX2c3ZEU=