Серік Қасым Төреханұлы
Артымда менің жоғалып кеткен заман бар,
Заманмен күйіп өлімге түскен адам бар.
Жырлайды жүрек, жылайды менің жанарым
Жырланып жатқан жылдарымның мынау атынан
Ғасырда кетті, Семейде кетті көп есем,
Зияны оның ұшан теңіз көп десем,
Жылады дала, құлады қала
Қиратып ойын дананың
Қазақтың дархан ойымен менде сөйлесем.
Сын сағат менің, сыңғырлап жатыр санамда,
Дүр сілкінді оғанда мынау ғаламда
Алдымда менің ашыла жатқан ғылым бар,
Сондықтан оған дірілдеп жатыр қаламда
Таза табиғатпен ядролық қару ғасырға
Жырланар әлі мәңгілік бұлда ғасырда
Тойланып жатқан қуаныш мынау уақытта
Басымды ием, қарсы тұрған зиялы қауым, адамға
Төреханұлы С.Қ. //http://kaznmu.kz/