Абай атындағы кітапхана қорындағы электронды басылымдар топтамасы


  1. Полигон: Қазақстан кинематографшылар Одағының «Қазақфильм» киностудиясында түсірген деректі фильмі.
  Академик А.Д. Сахаров, «Невада —Семей» қозғалысының көшбасшысы Олжас Сүлейменов, шопан Қалаш Омаров, академик Ю.Б. Харитон, зейнеткер Талғата Слямбеков, генерал-полковник В.И. Герасимов, генерал-лейтенант А.Д. Ильенконың естеліктерінен түсірілген фильм.
  Фильмде ядролық сынақ полигонының тарихынан, ядролық бомба жасауда Курчатов пен Сахаровтың рөлі туралы деректі кадрлар қолданылған. Фильмге қатысушылар ядролық жарылыстардың адам ағзасына тигізген әсері туралы баяндайды, ядролық жарылыс зардабын кешкен адамдар көрсетілген.
  
  2. Казахстан – страна мира: деректі фильм-хроника
  Бұл хронологиялық фильмде 1945 және 2010 жылдар аралығында жер бетінде жасалған ядролық жарылыстар, сонымен қатар 1949 жылдан Семей ядролық полигонында жүргізілген сынақтар баяндалады. Жүргізілген ядролық, термоядролық және сутегі бомбасының саны көрсетіледі. Хронология бойынша келесі деңгей – «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалыстың пайда болуы және Олжас Сүлейменовтың қосқан үлесі баяндалады. Сондай-ақ фильмде ядролық сынақтың табиғатқа және адам денсаулығына тигізген зардабы көрсетіледі. Ал 1991 жылдан 2010 жылға дейінгі кезең ядролық сынақ полигонның жабылуы және Қазақстанның ядросыз әлемдегі бастамашы болғандығы туралы баяндайды.
  
  3. Путешествие в ядерное прошлое: ядролық жарылыстар туралы арнайы репортаж
  Фильмнің автор Максим Вечерков өзінің репортажында Семей ядролық сынақ алаңында өткізілген көп жылғы жарылыстардың нәтижесінде зардап шеккен Саржал ауылының тұрғындары, ядролық жарылыстарды өз көзімен көрген адамдармен сұхбатын қолданған. Олардың ішінде ядролық жарылыстардың құрбаны болған әлемге әйгілі Берік Садықовпен сұхбаты және домбырамен орындаған әні жарияланған.
  
  4. След холодной войны: деректі фильм-репортаж
  Бұл репортажда «Полигон», «Синдром полигона» және «Қазақстан-Семей» телеарнасының жеке мұрағатынан алынған кадрлар пайдаланылған. Фильмде ядролық жарылыстар мен олардың адамдар мен қоршаған ортаға тиген зардабы көрсетіледі. Сонымен қатар сол аймақтағы тұрғындардың есте қалған әңгімелері жинақталған.
  
  5. Мы служим миру!
  Фильмде Семей ядролық алаңындағы ядролық жарылыстар туралы хронологиялық тәртіпте көрсетілген. Сондай-ақ ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлығы баяндалады. Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың ашылуы және қызметіне, оның ішінде атомды бейбіт мақсатта қолдану, инновациялық жаңашылдықтарға ерекше мән берілген.
  
  6. Есть город золотой: 2.6 бөлімі Полигон
  Ақын, «Невада-Семей» қозғалысының көшбасшысы Олжас Сүлейменов полигонды жабу бойын