1. Сәрсеке М. Семей қасіреті: деректі тарихи хикаят. – Астана: Фолиант, 2016. - 856 б.
Ертіс өңіріндегі қалың елдің шерлі тағдырын шынайы деректер арқылы бейнелеген тарихи туындыда ғасырлық қасірет зардабын отбасымен бірге тартқан Семей өңірі тұрғындарының аянышты ауыр тағдыры баяндалады.
2. Сейсенұлы Д. Ядролық сынақ аймағы: кеше және бүгін: деректі әңгіме, очерк, публицистика, толғау. – Новосібір, 2011. – 265 б.
Бұл деректі кітапта ядролық сынақ аймағының кешегі қасіретті де шерлі тарихы мен Семей атом полигонының Елбасы Жарлығымен жабылғаннан бергі жердегі Курчатов қаласы мен полигон маңындағы елді мекендердегі оңды істер баяндалған.
3. Ораз Н. Жылқының көз жасы: әңгімелер мен хикаяттар, эсселер. – Алматы: «Қайнар баспасы», 2012. – 320 б.
Ауылдағы Абат қарттың қасқа биесі туралы әңгіме. Қасқа биенің бал қымызын ішкен шалдың бүкіл үрім-бұтағы Жынның дертінен аман, ақыл-есі бүтін, ойы да, бойы да биік, келісті, келбетті азаматтар болып өскен. Әңгіме барысында көз жұмған қасқа биені иесі күрең ат жегілген арбаға салып, ауыл сыртына жерлемек болады. Абат қарт қасқа биесін жерлегеннен кейін арбасына қайта оралғанда, тілсіз, үнсіз күрең аттың көзінен жас моншақ боп үзілгенін көрді. Оқиға бір жылдары жер астынан алып саңырауқұлақтай албасты Жын атып шыққан тау – Полигон маңында болған.