Монумент ашылады

  Биыл тамыз айының 29-ында Семей ядролық полигонының жабылғанына 10 жыл толады. Осыған байланысты қаламыздың Полковник аралында полигон құрбандарына арналған “Өлімнен күшті” монументі ашылғалы отыр.
  Өткен жұмада осы монумент ашылатын жерде БАҚ өкілдеріне арналған пресс-конференция болды. Онда қала әкімінің орынбасары О.Исмайлов сөз сөйлеп:
  - Осы монументті салуға 8 орын қарастырдық. Ішінде осы жерді таңдадық. Бұл жер архитектуралық жағынан ыңғайлы, құрбандарды еске алуға тыныш орын. Монумент жергілікті бюджеттің қаражатымен салынатын болды. Ол үшін облыстық және қалалық бюджеттен 55 миллион теңге бөлінді. Монументтің биіктігі жерден 31 метр, ал диаметрі 40 метр болады. Сырты габрамен қапталады. Ал монументтің салтанатты ашылуы 29-31 тамыз аралығына белгіленіп отыр, - деді.
  Журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді. Монументтің маңайы тегістеліп, көгалдандырылады. Арнайы күзет қойылады деді.
  Бірақ ортамыздағы үш-төрт өзге ұлт өкілдеріне байланысты жиналыс орыс тілінде өтті. Қазақ тілінің қаға беріс қалғаны өкінішті.
  
  

Төкенқызы Б. Монумент ашылады // Үш анық. – 2001. – 6 тамыз. – Б. 6