Сутегі бомбасы
1953 жылы 12 тамызда Семей ядролық полигонында алғаш рет сутегі бомбасы сыналды. Сол оқиғаны көрген Болатбек Нәсенов әскерилер жарылыстың әсерін тексеру үшін 42 жас жігітті ауылға тастап кеткенін айтады. Олардың бәрі кейін 40 жасқа жетпей қайтыс болған. 1953 жылы жарылған РДС-бс сутегі бомбасының қуаты 480 килотонна болды. Бұл полигонда 1949 жылдың 29 тамызында жарылған ең алғашқы атом бомбасынан 20 есе күшті еді.
Сутегі бомбасы қалай сыналды?
Болатбек Нәсенов - 1953 жылғы жер бетінде сыналған алғашқы сутегі бомбасы сынағын көрген адамдардың бірі. Ол - бұрынғы Семей облысы, Абыралы ауданындағы полигонға айналған өңірдің тұрғыны.
Сол жылы 9-сынып бітірген едім. Аудан орталығы Қайнардың түбінде тұратынбыз.28 шілде күні інім дүниеге келді де, атын Мейрамбек деп қойдық. Содан бес-алты күн өткеннен кейін әскерилер мен селсоветтің (ауылдык, кеңес адамдары есеп жұргізіп, үй-үйдегі адамдарды тізімге алып шықты. Жаңа туған інімді де есепке алып, бізге ақша үлестірді, дейді Болатбек Нәсенов.
Ол әр адамға 500 сом- нан бергенін, 9 адамы бар өз үйі 4 жарым мың сом алып, елдің. бәрі ақшаға мәз болғанын айтады.
Ал атомның не екенін ешкім түсінген жоқ.Себебі, «Сынақ жасаймыз, сондықтан сіздерді ауылдан уақытша көшіреміз» деп қана ескертті. «Қанша көлік, қанша солдат керек – бәрін береміз. Ең аяғы, қиға дейін алып кетсеңіздер де қарсылық жоқ» деп, үгіт жүргізді, - дейді ол.
Болатбек Нәсеновтың айтуынша, ауылды мал - жанымен бірге Арқалык, тауына көшірген. Ол жерге сансыз шатыр тігіп тастаған, жұртқа арақ пен спиртті тегін әкеп таратқан.
- Үш-төрт күннен кейін бір әскери адам келді. Есімде, машинаның үстінде тұрып: «Ура! Ура! Ура! Впервые в Советском союзе успешно осуществлено испытание водородной бом¬бы!», яғни «Ура! Ура! Ура! Со-вет одағында тұңғыш рет сутегі бомбасы сынақтан сәтті өтті!» деді. Атомның не екенін, оның зияны қандай екенін білмейтін жұрт түгелімен уралап, шуласып, тап бір әкелері тойдан келген балалардай қуанып жатты, - дейді ол.
Тәжірибе жасалған 42 жігіттің тағдыры не болды?
Болатбек Нәсенов сынақтан кейін ауылына қайта көшіп келгенде Қайнарда ұшқан құс, жыбырлаған аң көрінбегенін, ит пен мысықтың өзі безіп кет- кенін айтады. Қаңыраған ауылға тек 42 адамды тәжірибе ретінде алып қалыпты.
Олардың бәрі – түгел комсомол мүшелері. Ең үлкені сол кезде шамамен 30-дың маңайында, көбісі 20 – ның ішіндегі жігіттер еді.Слардың ішінен пошташы болып істеген Елеуғазы Нұрғалиевтің ғана көзі тірі. Денесінің барлық жері сол сынақтан кейін жараға айналып кетті. Ал қалғандары түгелі түрлі ауруға шалдығып, рактан, жүрек ауруынан 40 жас- қа жетпей өмірден кетті, - дейді ол.
Айтуынша, 1953 жылғы та- мыздағы жарылыстан кейін Дегелеңнің айналасындағы сынақ болған жерге жақын орналасқан Қоныстан, Ұзынбұлақ, Тайлан секілді ауылдардың халқын қоныстарына қайта апармай, Абай ауданының Абай ауылына, Жарма ауданының Белтерек, I Михайловка ауылдарына бөліп-бөліп көшірген.
Ел кешетін кезде Қайнардың басына тоқтап, бір-бірімен қоштасты. Сондағы адамдардың зарын, жылағанын көрсең, құдды бір қырғынның үстіне түскендей боласың!.. Сондағы адамдардың бір-бірін қимай жылауы әлі күнге дейін көз алдымда, - дейді ол.
Полигонда пайдалы қазба бар ма?
Болатбек Нәсенов туған | жеріне осыдан алты жыл бұрын барған.Ол полигон алаңында әскери адамдар толып жүргенін, олар «Бұл жерден марганец табылды. Әскери зона» деп ішке кіргізбей қойғанын айтады. Марганец табылғанына сенгенім жоқ, бірақ басқа да бір себептері болуы әбден мүмкін. Кейбір деректерге сүйенсек, қазір Семей полигоны аумағындағы «Найманжал», «Балтемір»,«Қосқұдык,» кеніштерінде геологиялық барлау жүмыстары жүргізіліп жатыр.
2013 жылы маусымның 25-і күні Қазақстан президенті 2013 жылы маусымның 25-і күні Қазақстан президенті Нурсултан Назарбаев Шығыс
Қазақстан облысына барған сапарында бұрынғы полигон аумағында радиация жоқ екенін, жерінің жарамды екенін, пайдалы қазбаларға да бай екенін айтты. Бірақ ғалымдар Семей полигоны аумағының кейбір бөлігі әлі де қауіпті екенін айтады.
Полигонның жері кәдеге жарай ма?
1949 жылдан бастап ядро- льщ сынақтар жұргізген Семей ядролық полигоны 1991 жылы жабылды . Полигонда 40 жылға созылған сынақ болып, 400-ден астам ядролық жарылыс жасалды. Оның 11 6 - сы жер бетінде жасалды.
По¬лигон аймағындағы халықты басқа жаққа тұгел көшірмегеннің кесірінен мыңдаған адам қатерлі ісік, жүйке ауруына шалдығып, көптеген сәбилер дүниеге мүгедек бо¬лып келді.
Нұртай Лаханұлы
Сутегі бомбасы
РДС-6с сутегі бомбасын физик Андрей Сахаров бастаған талымдар жасаған. Ол - жеңіл және ауыр элементтер атомдары қоспасының ядро- лык реакциясынан туатын, көлемі шағын, бірақ жарылыс қуаты зор алғашқы термоядролық қару.
Сутегі бомбасының сәтті сынағынан кейін оны жасаған ғалымдар әртүрлі атақтар мен марапаттар алды.
Андрей Сахаров СССР ғылым академиясының академигі, «Социалистік еңбек ері» атағының иегері, Сталиндік сыйлықтың лауреаты атанды. Бірақ ол кейін ядролық сынаққа қарсы шықты.Ол барлық атағынан айрылып, 1980 жылы Горькийге (қазіргі Нижний Новгород) жер аударылды. А.Сахаров 1986 жылы ғана еркіндік алып, Мәскеуге оралды. 1989 жылы КСРО халык депутаты болған ол адам құқығын және барлык халықтардың мемлекет құру хақын қолдайтын «Жаңа конституция жобасын» ұсынды.
Лаханұлы Н. Сутегі бомбасы сынағының куәгері. // Өмір – ай.-2016.-№5.-4-5 б.