Қара дала
Күн кірпігін қаққанда тақыр Дала көрінген,
Қалаға да сол Тақыр қорқынышты өлімнен.
Қасқыр да жоқ ол жақта,
Арқар да жоқ – құрыған.
Тек,
Иттері мияулап,
Мысықтары ұлыған.
Жер төсіне сол жақта Атом сына қаққан-ды,
Мекендейтін халқы да қара халық ақ қанды.
Жаратқанға сенгендей, өздері тым аңғал-ақ,
Мал баққан боп жүреді маңдай тері сорғалап.
Өмір көші – баяғы өткен жылдар тұсында,
Соңғы аршаның қаны бар семсер – сәске ұшында…
Енді ол жаққа бейкүнә құс та қанат қақпаған,
Ал, әуеде сөздер көп бірін-бірі мақтаған.
Күн кірпігін жапқанда, күбірлейді сол Дала,
Не дейді екен, білсеңдер айтсаңдаршы, жолдар-ау!..
Әбдікәкімов Т. Қара дала // http://writers.kz/journals/?ARTICLE=4505&CURENT&ID=10&NUM=165