Ядролық қарусыз әлем

  Меймандардың ішінде ғылыми зерттеу және мониторинг саласында көп жылдар бойына Қазақстанмен тығыз байланыстағы ұйымдардың өкілдері бар. Айталық, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартының ұйымы, АҚІІІ Әуе күштерінің қолданбалы технологиялар орталығы, "ІІОРСАР" Норвегиялық сейсмологиялық орталығы, Францияның Атом энергиясы комиссиариаты, АҚІІІ Колумбия университетінің Ламонт-Дохерт жер обсерваториясы, Ресей Ғылыми академиясына қарасты Геофизикалық қызметі, СБ Мұнайгаз геология және геофизика, Геосфера динамикасы әрі СБ Есептік математика және математикалық геофизика институттары, ҚР ҰГА Сейсмология институты, Орта-Азиялық Жерді қолданбалы зерттеу институты, ҚР Ионосфера институты, АҚІІІ Мичиган штаты университеті. Одан басқа алқалы жиынға РФ Қорғаныс министрлігі Арнайы бақылау қызметінің, Израиль геофизикалық институтының, РҒА СБ Жер қыртысы институтының, Монголия ҒА Астрономия және геофизика зерттеу орталығының мамандары қатысты. Осылайша, әлемнің түрлі елінен 50-ден астам саясаткер, ғалым мен маманның басын қосқан жиынға, сондай-ақ Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, Ұлттық ядролық орталықтың, Қазақстанның ядролык қоғамы және "Невада-Семей" қозғалысының өкілдері де жиналды.
  Алқалы жиында сөз алған Атом энергетикасы комитеті төрағасының орынбасары Тимур Жантикин Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиевтің құттықтау сөзін жеткізген еді. Жалпы алғанда, Қазақстанның ядролық қаруды таратпау режимін нығайту женіндегі бастамалары әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қосқан сөзсіз үлесі. Әлемде алғашқы болып Семей ядролық полигонын жауып және атом қаруынан бас тарта отырып, біз жетекші ядролық державалардан - АҚШ-тан, Ресейден, Ұлыбританиядан, Франциядан және Қытайдан қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық. "Біз Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ кұруда негізгі рөл атқардық және жер шарының баска да аймақтарында, әсіресе, Таяу Шығыста осындай аймақтар құруға белсенді қолдау көрсетеміз" деп атап өткен еді Елбасымыз Н.Назарбаев кезекті Жолдауында. Бұдан үш жыл бұрын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Елбасымыздың 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау туралы ұсынысын қолдады. Осындай жауапты саясатының арқасында Қазақстан ядролық қаруды таратпау режимінің көшбасшысы, басқа мемлекеттер үшін үлгі болып танылды. Міне, аталмыш алқалы жиында Қазақстанның "Ядролық қарусыз әлем" жаһандық бастамасының жалғасы екендігін мәртебелі меймандар өз баяндамаларында сан мәрте айтып жатты. Колумбия университетінің профессоры Ричарде Пол Грэнстон: "1992 жылы мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздесу мүмкіндігіне ие болдым. Ол Нью-Йоркте Халықаралық істер жөніндегі консулмен кездесіп жатты. Оған Қазақстаның экономикасы мен тарихы туралы көптеген сұрақтар қойылды. Президент бәріне жауапты қысқа қайырды. Сол кезде мен: "Президент мырза, кеше ғана Қытайда қуаттылығы 400-500 тоннаға жететін ядролық жарылыс болды. Бұған не айтасыз?" деп сұрадым. Ол 20 минут көлемінде кезінен тоқтала жауап берді. "Қазақстан ядролық қарудың тоқтатылуы үшін бастамашы болуға әзір" деді. Шынында да, содан бері қанша уақыт етті. Қазақстан бейбіт өмірді насихаттап келеді. Көптеген ғалымдар Қазақстан сейсмикалық жағынан зерттеуге болатын қолайлы жер деп айтуда. Елдеріңіз мұхиттардан жырақ орналасқандықтан, сейсмологиялық белгілердің жиілігін жақсы зерделеуге болады",- деген ойын ортаға салған еді.
  Қазақстан үшін алқалы жиын такырыбының маңыздылығы зор. Қалай десек те, мемлекетімізде Кеңес Үкіметі тұсында сан жағынан айтарлықтай ядролық сынақтар жүргізілген. Жарылыстар сыналған мандаты жер қойнауларындағы процестерді экологиялық, әлеуметтік әрі геодинамикалық салдары тұрғысынан зерттеу қажеттігін айтты Геофизикалық зерттеулер институтының бас директоры Надежда Беляшова.
  Ал, биыл "Невада-Семей" қозғалысы үшін айтулы дата. Ширек ғасыр - 25 жылдығын атап өтпек. Семей ядролық полигонында 1949-1989 жылдар аралығында 450-ден астам ядролық сынақ өткізілген. Дүниежүзілік тәжірибеде біздің полигонға теңесетін полигон жоқ екен. Ешқандай мемлекеттің полигонында біздің елдегідей аспанда, жер үстінде және жер астында өте күшті сынақтарды ұзақ жылдар бойы тоқтаусыз сынамаған. Осы 40 жылдан астам уақытта қанша адамның өмірі қиылып, қилы тауқыметтер бастан өтті. Одан келген зардаптар белгісі әлі күнге жойылған жоқ. Бүгінгі танда ядролық полигонның жетістіктері бейбіт мақсатта - сынақтардан зардап шеккен жандардың денсаулығын жаксартуда, полигон маңындағы жерлерді барынша залалсыздандыруда, халық шаруашылығында, құрылыс индустриясы әрі фармацевтика саласында пайдаланылуда. Курчатов қаласындағы ядролық каруды қолдануға қарсы, жер сілкіністерін зерттеу ғылымына арналған халықаралық конференцияның жыл сайын ұйымдастырылуы да соның айғағы.
  Осы жолы алғаш рет Ресей, Белоруссия, Швейцария мамандары АЭС құрылысы алаңдарына сейсмикалық қауіпсіздікті бағалау бойынша қазіргі кездегі зерттеулер туралы ойларын ортаға салды. Бұл ретте сынақтар өткізілген аумақтың жер қыртыстарындағы өзгерістер мен құбылыстарды зерттеу және экологиялық, әлеуметтік, геодинамикалық зардаптарды болжаудың маңызы зор. Аталмыш сала- дағы халықаралық тәжірибе АЭС орналастыру қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ауадай қажет-ақ "АЭС - белгілі жүйелік жағдайлардың жасалуын талап етуші электр қуатын өндірудің өте қуатты көзі. Неліктен Қазақстан бұл қадамға барып отыр? Атомдық энергетикадан Батыс елдері арасында әзірге тек Германия бас тартып отыр. Уран өндіруден белді ел ретіндегі Қазақстан руданы 100 пайыз экспорттайды. Энергия қорының жартысынан басымын осы руда кұрайды. Ірі ядролық отын зауытымыз бар, біртіндеп атомдық өндірісіміз дамып келеді.
   Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанда атомдық энергетиканың негізінің қалануына жол ашылуда",- деп атап өтті Атом энергетикасы комитеті төрағасының орынбасары Тимур Жантикин. Өз кезегінде, Белоруссия Ғылым академиясы геофизикалық мониторинг орталығының жетекшісі Аркадий Аронов жер қозғалысының инфрадыбыстық қозғалысын зерттеуді АҚШ, Франция, Ресеймен бірге жоспарлап отырған Қазақстан ғалымдарына қызығушылық танытатынына тоқталса, Ресей ғалымдары екі ел арасындағы іскерлік байланыстың орнағанына біраз жыл болғанын және оның негізінде ядролық және радиоактивті материалдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қамтылғанын мәлімдеді. Ал, ҚР ҰЯО бас директорының экология бойыша орынбасары Сергей Лукашенко: "Қазіргі танда Семей полигоны радиациялық қауіпті деген оймен зерттелінуде. Ол дұрыс, қазіргі таңда "қайда? не қауіпті?" дейтін сауалдарға жауабымыз бар. Полигон - күрделі кешенді жүйе: ауыр металдар, ауа кеңістігіндегі газдар. Салдарын алдын алуда мұнда әр саладағы ғалымдар жұмыс істеді. Семей полигонындағы жерасты және жер үстіндегі, ауа кеңістігіндегі сынақтар жүргізілген аумақтардың барлығы күмәнді болғандықтан, өз басым үшін мониторинг жасалса да іштей қанағаттанбаймын. Осы орайда, арнайы министрлік бағдарлама болғанын қалар едім. Полигонның әлемге берерін жұртшылық әлі толық қабылдаған жоқ", - деген ойын ортаға салды. Айта кетерлігі, 2010 жылы ұйымдастырылған конференциядан кейін әлемде Солтүстік Кореяда былтырғы жылдың 12 ақпанында бір ядролық сынақ жүргізілген болатын. Бұл оқиға жаһандық жүйе мониторингісінің халықаралық қауымдастығымен ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартың тексеруге қадам жасады деуге болады. КХДР жүргізген қос ядролық жарылыспен салыстыратын баяндамалар ұсынылды. Биылғы жылдың 15 ақпандағы Челябі болидінің сейсмикалық және акустикалық нәтижелерін зерттеуге аса мән берілді.
  Жарылыстан кейінгі жағдай, бейбіт жолмен жасалған ядролық жарылыстар сыналғап аудандардағы геодинамикалық процестер зерделенді. Азаматтық максаттағы ядролық жарылыстарға мониторинг жүргізу, сейсмологиялық қауіпсіздік, зілзаланы болжау, сейсмикалық және инфрадыбыстық космостық әдістік аппараттар фрагменттерін іздестіру тақырыптары кеңінен сөз болды. Бұрынғы Кеңес Одағы, америкалық, француздық, норвеждік, монғолдық ұлттық мәлімет орталықтарының баяндамалары тыңдалды. Аталған орталықтарда халықаралық мониторинг жүйесі аясында ядролық сынақтарға сейсмикалық және инфрадыбыстық сынды екі технология бойынша бақылау жүргізу қолданылуда. Қазақстан ғалымдары конференция барысында өз зерттеулерінің нәтижелерін толықтай ұсынды. Соңғы онжылдықта жасалған ядролық жарылыстар мен жер сілкінулер мониторингісінің ұлттық жүйесі әлемде ең үздіктердің бірегейі. Қазақстанның Деректер орталығы барлық Халықаралық деректер орталықтарымен ынтымақтастықта, бірқатар шетел ұйымдары және университеттерімен бірлесе ғылыми зерттеулерін жүргізуде екендігін айта кеткен жөн.

Ермырза Ә. «Ядролық қарусыз әлем» жаһандық бастамасының жалғасы.// Ертіс өңірі. – 2014. – 13 тамыз. – 7 б.