Ядролық полигон кітап беттерінде


1. Қазақстанның ядролық қасіреті. Куйдин Ю. – Алматы. 1997 ж. – 256 с.

Бұл басылым Қазақстанның 40 жылдан астам уақытқа созылған ядролық қасіреті туралы алғашқы фотоальбом. Ақ-қара және түрлі-түсті құжатты суреттер Семей ядролық полигонында атом қаруын сынақтан өткізген уақытта аймақ тұрғындары мен табиғатқа тиген зардаптары бейнеленген.









2. «Таза табиғатпен – ядролық қарусыз ғасырға!»/Ред. басқ. Б. Жапаров. – Ақтөбе: Формат Дизайн, 2008. – 74 б.

«Невада-Семей» халықаралық ядролық жарылыстарға қарсы қозғалыстың 20-жылдығына орай шығарылған басылым. Жинақта «Невада-Семей» қозғалысының Ақтөбе облысы бойынша бөлімшесі белсенділерінің қызмет хроникасы, халықтың ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа және «Невада-Семей» ХЯҚ көшбасшысы О.Сүлейменовқа жазған пікір, алғыс, толғаныстары жинақталған.