Дегелең

Қарайып сонадайда тұр Де¬гелең:
Ойпыр-ай, сұмдық еді бұл не де¬ген?
Қасына аяқ басып бара ал¬май¬сың,
Жеріңді осы емес пе түрмелеген?

Байқашы, безіп кеткен құс баласы,
Суында балық бар ма, түс, қарашы?!
Шағанның жағасында шырқ айналып,
Бойына тарамай тұр ішкен асы.

Ағаның тілегімен зыр жүгіріп,
Қарадым ойдым-ойдым суға үңіліп.
Тұнық су телміреді тірлігі жоқ,
Түңілдім түбіндегі сырды ұғынып.

Буып тұр бір қасірет бар тынысты,
Құсы жоқ аспан қандай қорқынышты?
Күрсініп көздеріне жас алды да,
Екі ағам тостағанды сарқып ішті.

Дегелең күйіп жеткен жана-жана,
Тозақтан шыққандай бір жаңа ғана.
Екі ұлы Дегелеңнің мөлтеңдейді,
Тауға да, өзенге де, далаға да.

АҺ ұрып, азап тартқан тау-тасына,
Батып тұр ауыр салмақ арқасына.
Кеткендей Дегелеңмен бірге шөгіп,
Екеуі алып мені ортасына...

Айтұлы Н. Дегелең // http://egemen.kz/old/?act=readarticle&id=6872