Жастық шағымды полигон жарылыстары ұрлады

  Бір қараған адамға табиғаттың бүкіл асыл қазынасын бауырына басып, алтын астаудан су ішіп отырғандай әсер қалдыратын Қазақстанда да қасиетті Жер-ананың жүрегін сыздатып келе жатқан ескі жараның орны көп. Ғарышқа зымыран ұшса көктен теміртерсек жауатын Байқоныр мен маңайына улы тұзын ұшырған Арал, Онере де Бальзактың «Шегірен былғарысындай» жылдан-жылға тартылып, жағалаудан ұзап бара жатқан Балқаш тағдыры еліміздің жүрегіне түскен дақ болып отыр. Күні кешеге дейін қазақ даласын жарылыс сынақтарымен сілкілеген Семей полигонының тілін тістеп жабылғанына да саусақ бүгіп санап көрсек биыл он сегіз жылға аяқ басып барады екен. Күні бүгіндері Қазақстан аумағында жасалынған ядролық сынақтардың тоқтатылғаны туралы әңгіме қозғала қалған тұста мемлекет қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтің өлшеусіз еңбегінің еске түсетіні бар. Алайда мұны олжасынан оңайлықпен айырыла қоймайтын одақтың саяси ойыны деп есептейтіндер де бар. Әрі-бері ақылға салып көрсең ондай ойды да жоққа шығарғын келмейді. Олай дейтініміз ақын басқарған «Невада-Семей» қозғалысының бар шаруасы өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары ұйымдастырылған шерулермен шектелініп, басталған іс аяғына дейін жетпеді. Сынақ полигондары жабылғанымен оның соңында түйіні тарқатылмаған көптеген проблемалары қалып қойды. Топырағын радиация тоздырған сол өлкеде халық әлі де өмір сүріп жатыр, барына қанағат, жоғына салауатын айтып, өле-өлгенінше шүкірге тоймайтын қарапайым қалың жұртшылықтың арасында арман- мұңын ішіне туйіп, мына өмірден елеусіз қалпында өтіп жатқандары қаншама. Денеге сіңген дертті азынаулақ бір жолғы өтемақы төлеумен емдеп жазуга бола ма, ойлап көрсең біртурлі кулкілі. Оның өзі де алқалы жиындарда оқтатекте айтылып қалғанымен соңы сиырқуйымшақтанып, құмға сіңген судай болып кетеді. Бәрінен ғажабы кезінде сол полигонда әскери міндетін өтеп, тілсіз тажалмен арпалысқан жауынгерлер туралы тіпті жақ ашылмайды. Оның өзі де анда - санда еске алынғанымен Ауғанстан соғысының ардагерлері мен Чернобыль апатына қатысқандардың тасасында қалып қояды. Егер рас болса кезінде қазақ даласына ат басын әдейілеп бұрып келген жапон ғалымдары Семей полигонында жасалынған ядролык, сынақ апаттарының халыққа тигізген залалзардабын өздеріндегі Нагасаки мен Хиросима қалаларының басындағы қасіреттен асыра бағалапты деген де әңгімелер бар. Бұл сырт көздің көңілге түйген сыры, жаттың көзқарасы. Бір өкініштісі біздегі қызығы мен жақсылықтары өз бастарынан артылмайтын шенеуніктер оған көз үйренген құбылыс ретінде сырық сабынан ғана қарайды. Соған қарағанда Семей полигонындағы ядролық сынақтарға қатысып, қауіп- қатерге бастарын тіккен жауынгерлерге деген көзқарас «Ауыл баласының аузы сасық» деген пікірге саятын салқын ойдың ырқынан шыға алмай келе жатқан тәрізді. Бұрнағы жылы жарты гұмырын еліміздің әртүрлі аумақтарында жасалынған сынақтарға арнаған Ильдус Кильдияров деген азамат Қазақстан ардагерлері ассоциациясының жанынан «Қауіпті тәуекелі мол солдаттар» атты тікелей полигон жауынгерлерінің муддесін қорғайтын қоғамдық бірлестік ашқан болатын. Әрине мемлекет деңгейінде өз шешімін таппай отырған бұл мәселені қолында қомақты қаражаты мен құзіреті жоқ аядай бірлестік бірден жолға салып жібереді деп ойлаудың өзі әбестік болар еді. Дегенмен де қалай десеңіз де Қазақстан аумағындағы полигондарда әскери міндетін өтеген жауынгерлердің тасада қалып келген тағдырына бей-жай қарай алмайтын мұндай бірлестіктің құрылуы сөз жоқ үлкен жетістік. Сонымен қатарға жаңадан қосылып отырған қоғамдық бірлестіктің алдына қойған мақсаты қандай, ол нендей шаруалармен айналысады деген сан алуан сауалдар төңірегінде оның ди¬ректоры Ильдус Кильдияровпен пікірлескен едік.
  - Ильдус Кильдиярұлы қазір құжатын дайындасаңыз қор мен бірлестік кұру дегеніңіз де оп-оңай шаруа болып қалды. Ал енді өзіңіз басқаратын бірлестіктің негізгі айналысатын шаруасы қандай?
  - Егер зер сала қарасаңыз кешегі ата бабамыздың қаны төгілген қасиетті даламыздың тесілмеген өкпесі, уланбаған төсі жоқ. Алайда ол күні кешеге дейін сырт жұртқа жария етілмей, кұпия ұсталынып келді. Одақ тұсында ақпарат құралдарынан «Семей полигонында кезекті сынақ жасалынды. Құрбан болғандар мен қираған мүлік жок» деген төрізді бар сұмдығын ішке бүккен кысқа хабарлар анда- санда жалт ете қалатын. Партияның қылышынан қаны тамып тұрған тар заманда жер асты жарылыстарының залал зардабы мен оқтатекте болып тұратын апаттарының салдарынан көптеген адамдардың оқыс қазаға ұшырайтындығын сырт жұртқа жайып, отыз екі тістен шығару ол кезде қылша мойныңды кылыштың астына тосқанмен пара-пар іс болатын. Дүмпілдеген жер асты сынақтары қырық жылға жуық уақыт қазақ даласының тозаңын аспанға шығарып, сілкілеумен келді. Ел-жұрттың есін шығарған Семей полигонына Приозерск мен Байкоңырды, Атырау облысының аймағындағы Капустин Яр сынақ аландарындағы жантүршігерлік жарылыстарды қоссаңыз қазақ халқын каумалаған касіреттін нақты сұлбасы алдыңыздан кесе көлденеңдеп шыға келер еді. Қазір ядролық қаруды сынақтан өткізу біржолата тоқтатылды деп етек-жеңімізді кымтағанымызбен сол жарылыстардың соңында шұбырып калып қойған зардабы еңсемізді тіктеп көтеруге өлі де мұрша бермей келеді. 1991 жылы Семей полигоны жабылысымен орыс әскерилері қару-жарақ, техникаларын тиеп, аздаған уақыттың ішінде көзден ғайып болған. Ал қырык жыл бойына топыраққа сіңіп қалған радиа¬ция маңайына ажалын шашып әлі жатыр. Іле-шала мемлекетіміз полигон аумағына жақын орналасқан аудан тұрғындарына біржолғы мардымсыз төлемақы телей бастады. Бір кызығы осы тізімнің арасына кезінде әскери міндетін полигонда өтеп, жарылыстарға тікелей қатыскан жауын- герлеріміз де еніп кетті. Егер сенсеңіз әлі күнге дейін полигон туралы әңгіме қозғала қалса жергілікті тұрғындардың хал-ахуалы жиі айтылады да жауынгерлердің тағдыры ылғи да тасада калып кетеді. Нақты емес деректерге жүгінсек кезінде Семей полигонындағы жарылыстарға 1948 жылдан бастап 17,5 мың адам қатысты деген еңгіме бар. Менің шамалауымша ол одан да көп сияқты. Айтайын деп отырғаным солардың көбісі арыз-мүндарын айта алмай, ауру-сырқау қалпында дүниеден өтіп те кетті. Салыстыра қарасақ олардың жағдайі Чернобыль апатына қатысқан дарға қарағанда тым ауыр. Де сек те Ауған соғысына қатыс қандар мен чернобльдіктердің жан айқайы жоғарыдағылардың құлағына жетпе жатқан тұста бір бүйірден Семей полигонының жауынгерлері туралы сөз қозғағанымыздың өзі қисынға келе кояр ма екен. Қай бір жылы полигон сынақтарына қатысқандарға жергілікті тұрғындармен тең дәрежеде бір жолғы өтемақы төленді, бар шапағат соным аяқталды. Осыны ойлап отырып, мемлекет басында кейбір шенеуніктердің өзгенің қасірет-қайғысын шешуге келгенде жон арқасын көрсететіндігіне таң қаламын. Мына іргеміздегі Ресейде полигон сынақтарына қатысқанда көптеген жеңілдіктер жасалынып, оларға арнайы мәртебе берілген.
  - Сол өкпе айтып отырған ұлықтарыңыз үлкен мінбелерден сөйлеген сөздерінде сынақ полигондарында әскери міндетін өтегендерге елімізде ерекше қамқорлық жасалынған, олар арнайы госпитальдарда жатып емделеді дегендей де пікір таратып жүр ғой.
  - Мұны өз басым әдейі көз алдап, жоғарыдағыларға өтірік ақпар беру үшін айтыла салынған бостекі әңгіме деп кабылдаймын. Ақиқат ауылына қарай ат басын бұратын болсак, басқасын айтпай-ақ қояйын, жарылысқа қатысқан жауынгерлерді әскери госпитальға жаткызып емдетіп, ауру - сыркаулығы анықтала калған күннің өзінде дәрігерлік комиссиядан мүгедектікке өткізудің өзі қияметтің қиыны. Осыдан бірер жыл бұрын Семей полигонында алғаш рет сутегі бомбасын сынақтан өткізуге катысқан Мұса Шарипов деген ақсақалды госпитальға бәріміз жабылып жүріп әрең дегенде жатқызып, арнайы дәрігерлік комиссиядан өткіздік. Денесін дерт шөжіткен сол кісіге дәрігерлік комиссиядағылар өрі ойланып, бері ойланып III топтық мүгедектік беру керек деген тұжырымға тоқталғанда сақалы желбіреген өлгі қарттың түңіліп шыққанын өз көзімізбен көрдік. Полигон жауынгерлеріне деген бүгінгі көзқарас осындай. Кезінде Семей полигонында әскери міндетін өтеп, қазір денсаулықтарынан айрылған жауынгерлердің қасіреті туралы әңгімені алғаш рет парламент отырыстарының бірінде мәжіліс депутаты Дарья Клебанова ғана көтерді. Алайда халық қалаулысының жан айқайы айналып келгенде бәрібір әдеттегідей біржолғы өтемақы төлеу турасындағы ескі сарынның аясында қалып қойды. Бір сөзбен айтқанда, шапағат пен қамқорлық атаулыдан тыс калған бұрынғы полигон жауынгерлерінің ахуалы ресейліктерге қарағанда мәз емес. Денелерінен радиация уын өткізіп, денсаулығын ұрлатқандардың арасында ақтық демі біткенше баспанаға қол жеткізе алмай елеусіздеу қалпында өмірден өтіп кеткендері қаншама. Ядролық қаруды қолдану өз алдына, оны жәй ғана сынақтан өткізудің адамзатқа қаншалықты залал - зардабын тигізетіндігін сондай жарылыстарға қатысып, аждаһаның сонында қалған қалдықтарын жинаған адам ғана біледі. Өкінішке орай Семей полигонындағы жарылыстардың құпиясы күні-бүгінге дейін толық ашылған жоқ. Ал ағзаны улаған радиацинның залалы ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келеді. Сондықтан да әңгіменің әділдігі Семей полигонына қатысқан жауынгерлерге ерекше мәртебе беріліп, олар Ұлы Отан соғысына қатысушылармен теңестірілуі керек.
  - Сонымен өзіңіз баскарып отырған қоғамдық бірлестіктің бұрынғы полигон жауынгерлеріне көрсететін қандай көмегі бар?
  - Әңгіменің басын бірден ашып айтайын, бірлестік ақшалай көмек көрсете алмайды. Оның есесіне сынаққа қатысып, денсаулығынан айрылғандардын госпитальға жатып емделуіне, қажетті кұжаттарын жинастырып, дәрігерлік комиссиядан өтуіне қол ұшымызды береміз. Қазір қала әкіміне хат жазып, Алматының іргесіндегі ядролық физика орталығы орналасқан аумақтан арнайы жер бөлуін сұрап отырмыз. Әкімшілік жақтан тырс еткен хабардың естілмеуіне қарағанда бұл мақсатымыз көңілдегі көп жобаның бірі есебінде қалып қоя ма дегендей де үрейіміз жоқ емес. Құдай оңдап, ниетіміз жүзеге асатын болса сол жерден келешекте полигон жауынгерлері емделетін үлкен сауыктыру орталығын ашпақпыз. Мүмкіндігі келіп жатса полигон жауынгерлеріне тұрғын үй алып беру жағынан комектессек пе деген де жоспарымыз бар. Өйткені полигондағы сынақтарға қатысқан жауынгерлердің көбінесе жүрек, қан тамырлары, құлақтың шуылдап, бастың айналатыны сияқты ауыр дерттерге тосыннан шалынатындығын күнделікті тәжірибенің өзі көрсетіп отыр. Ең қорқыныштысы кейбір ғалымдар мұндай аурулардың жеті ұрпаққа дейін жалғасатындығын айтады. Сол себептен де мемлекетіміз оң қабақ танытып, қамқорлық жасаса жарылыс сынағына қатысқан жауынгерлердің басын қосып, олардың денсаулығын түзеп, тұрмыс жағдайларының жақсаруына қолдан келген көмегімізді көрсетсек пе деп ойлаймыз.
  - Семей полигонындағы жарылыстарға қатысқан жауынгерлердің арасында мәртебесі жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылармен теңістірілгендер де бар деп естиміз. Мұның өзі ала қойды бөле қырқу емес пе, сіз қалай ойлайсыз?
  - Анығында да әлгіндей мәртебенің азғантай топқа іріктелініп берілгендігіне өз басым түсінбеймін. Сонда бұл біреу радиациялык залалды аз, енді біреу көп алды деп сырттай болжам жасаушылық па, жок әлде қазына қаржысын үнемдеушілік пе? Әрине ондай мәртебеге ие болғандарға тұрғын үй мен медициналық көмек алуда бірсыпыра жеңілдіктер қарастырылған. Өз тежірибемнен таратып айтсам. аумағы ұлан ғайыр аумақты қамтитын радиациялық фон жарылыс сынақтарына қатысқан сол маңайдағы жауынгерлердің денсаулығына зәредей залалын тигізбеді деп ойлаудың өзі түбірімен қате пікір.
   - «Семей-Невада» қозғалысынан кейін Семей полигоны жабылып, ондағы ажал шашқан шахталардың ауыздары бекітілді деп көңілімізді демдеп отырған жағдайымыз бар. Анығында ахуал солай ма?
  - Расында да сынақ жасалынған қауіпті нүктелердің бәрі бекітілді. Десек те жер қабатына сіңіп қалған радиация уытының мыңдаған жылдарға кететіндігін ескермеске болмайды. Сырт естуімше қаңырап қалған шахталарға түсіп, металл сынықтарын жинайтындар бар деп естимін. Бұл енді аранын ашқан ажалға ашықтан ашық бас тігіп бару деген сөз. Егер осы қауесет рас болса онда аждаһа тұтқындалған бөтелкенің тығыны ағытылды дей беріңіз. Сондықтан да мүдделі орындар бұған бей-жай, сырық сабынан қарамауы керек, полигон аумағына қатаң күзет қойып, бақылауды күшейтуі қажет.
  - Ашық әңгімелесіп, сыр бөліскеніңіз үшін рахмет. Ел үшін сіңірген еңбектеріңіз елене берсін.
  

   Мұратов Е. «Жастық шағымды полигон жарылыстары ұрлады». //Заң газеті. –2006. – 5 қантар. – 2 б.