Бөлімнің материалдарын «Невада-Семей» Халықаралық антиядролық қозғалыстың Вице-президенті Картоев Сұлтан Умарұлы ұсынған.
Картоев Сұлтан
Картоев Сұлтан Умарұлы 1949 жылы 30 сәуірде Павлодар қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Сұлтан Умарұлы көп балалы отбасының үлкені, балалық шағы қиындықпен өткен. Ата-анасына көмектесу үшін, еңбек жолын ерте бастады. Мектепте өте жақсы оқып, көшбасшы атанған. Павлодар қаласының құрылыстық ұйымдарында от жағушы, қарауылшы; сыпырушы, құрылысшы, сылақшы, бетоншы жұмыстарын істеген. Мектепті бітірген сәтте қомақты еңбек өтілі болған.
1969 жылы Павлодар индустриялық институтына оқуға түсіп, 1974 жылы жылу электр станциялары электр саласының инженері мамандығы бойынша бітіреді. Институттан кейін жолдамамен Семей облысына жұмысқа келеді.
25 жыл өмірін Қазақстанның энергетика саласын дамытуға арнаған. 1974 жылдың қыркүйегінен 1984 жылдың қазан айына дейін «Алтайэнерго» энергосистема ұжымында жұмыс істейді, алдымен Көкпекті ауданының электр желілері инженері, одан кейін Үрджар ауданының электр желілерінің басшысы болды. 1984 жылдың қазан айынан бастап Шүлбі ГЭС-ін салуға «Иртышгэсстрой» басқармасының механикаландыру басқармасының бастығы болып орналасады. 1987 жылдың мамыр айында "Иртышгэсстрой" тресі басшысының орынбасары болып тағайындалды. Қазақстанда ғана емес, бұрынғы Одаққа да танымал энерготрест ұйымында 2000 жылға дейін қызмет атқарады.
С.Картоев облыс пен аудандарды электрлендіруге, Қапшағай қаласы мен Қапшағай ГЭС-ін салуға, Семей, Рубцовск, Түмен, Серебрянск, Талдықорған, Алматы қалаларында энергия объектілерін салуға қатысқан. Ол басқарған ұжымдар еліміздегі ең үздік саланың қатарында болды.
Ол 1992 жылы Семей технология институтын агроөнеркәсіп кешеніндегі инженер-экономист мамандығы бойынша оқып бітіріп шығады. 2000-2003 жылдары Шығыс Қазақстан облысы атынан Халықаралық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысын басқарған. 1989 жылдан барлық ірі халықаралық антиядролық форумдарға белсенді қатысушы.
С.Картоев 2001 жылы "Заңды тұлғалар бірлестігі Семей қауымдастығы коммерциялық емес ұйымын" басқарды. Облыста үкіметтік емес ұйымдарды дамыту саласында қажырлы еңбек етуде. Қауымдастық мемлекеттік билік органдарымен және бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз іскерлік байланыс жасайды.
Сұлтан Омарұлы дәстүрлі емес медицинаның білгірі, облыста оны салауатты өмір салтын насихаттаушы деп атайды. Жыл сайын "Сәулетай" облыстық балалар қорымен бірлесіп, П.К.Ивановтың "Детка" сауықтыру жүйесімен облыс мектептері оқушылары арасында білімпаздар сайысын өткізіп отырады. "Невада-Семей" Халықаралық Антиядролық Қозғалысымен балалардың Италияға, басқа да шет елдерде демалуын ұйымдастырады.
С.Картоев «ХХ ғасыр – ядролық қарусыз әлем», «Өмірді өзгертуден қорқпаңыз» кітаптарының авторы.
Сұлтан Омарұлы төмендегідей Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен марапатталған және түрлі қоғамдық қызметтер атқарады:
- Қазақстан Республикасының екі мемлекеттік марапатының кавалері;
- Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі және атом саласының еңбек сіңірген қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері;
- "Полигон - 29 тамыз" Халықаралық қайырымдылық қоры Кеңес төрағасының орынбасары;
- Семей аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы Үйлестіру Кеңесінің төрағасы;
- әлем бойынша Нобель сыйлығының бастамашыл тобының жетекшісі.
- Шығыс Қазақстан Халықтары Ассамблеясының мүшесі;
- Облыс әкімі жанындағы ҮЕҰ өзара Кеңесінің мүшесі;
- Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы "Невада-Семей" қозғалысының вице-президенті;
- Семей «Достық Үйінің шешен-ингуш этномәдени орталығының төрағасы;
- Семей Қауымдастық коммерциялық емес ұйымның президенті.