Тарихи әділетсіздік

  Иә, бұлай демеске лаж - шараң да жоқ. Өйткені, Абыралы өңірі 1997 жылы ҚР өңірлерін оңтайландыруға ілігіп, қайта таратылуын «түсіну» - қиын болғаны да шырылдат шындық...
  «Басы ауырмастың Құдаймен ісі жоқтың» кебі, әділетсіздік, жаны ашымастық қой». Біздің келер ұрпақтарымыз өткені бұлдыр, тарихы тұлдыр, құйрық - жалы күзелген, шолақ айдар елдің тексіз ұрпақтарындай болмауы керек. Абыралының тұтас тарихымен, ақтаңдақ болған ғажайыптарымен, тау - тас қойнауы, бауырында жұмбақ сыр мен қазына толған жердің (өңірдің) көркем де келісті табиғатымен қабыстыру арқылы болашаққа рухани мұра қалдыру, туристік бағдарламаға енгізу бұгінгі біздің ортақ үлесіміз болмақ. Сонымен, Абыралы - тарихи өлке, құтты қоныс. Абыралы, аудан аты еді. Семей облысындағы 15 ауданның іргелі де қарқынды дамыған ауданы болатын. Абыралы ауданы 1928 жылы Қарқаралыдан бөлек отау болып бөлініп, Семей облысына қараған. Содан бері аудан екі рет қүрылып, екі рет тарады. 1928 жылы 29300 тұрғыны, 600-ден астам шаңырақ болған. 1997 жылы 12 мыңнан астам отбасы бас құрағанды. Алыстан аңсап келген ақиық ақын Төлеужан Ысмайлов маркұмның:
  «Армысың ата қоныс - Абыралы,
  Басыңнан бағың жамырады» - деп толғануы да тегіннен емес-ті.
  «Ғасыр қасіреті» атты дастан жазушы Қ.Шалқаров:
  Бұл қалай?
  Адамға адам қас қыла ма?
  Таулары Абыралы адыра қап
  Адамын отқа қақтап тас қыла ма?! - деп тебіренуі де өктем үнді қисынды сауал, зұлымдыққа қарсы қояр қару емес пе?
  Ал, бүгінгі тегеурінді ақын -жерлесіміз Бауыржан Жақыптың мұңы да өзгеше:
  «Жабырқау жартасында тіл байланып,
  Еңселі тауың кеткен күлге айналып.
  Абайға жыр сыйлаған табиғаттың
  Көрмедім мүшкіл халін мұндай ғаріп,- деуі естір құлаққа сын ғой.
  Қашан да қирату - оңай, қиыстыру - қиын. 1955 жылы кешегі Абыралы елінің, мұқым екі миллион гектарға жуық жерінің нәрі мен халқының рухани байлығы, барша тірлігі жоққа шығып, төрт атырапқа шашырады. Береке байлық құрдымға кетіп, мүлде сене ме? деген Абыралы қырық жыл бойы атом құрбанына шалдығып, елі тоз — тозды аңыраумен адамдарының үлкен-кішісі ұлардай шулаған шағыңды көз көрді. 1990 жылы 15 желтоқсанда Абыралы қайта аудан болды, үміт оты жарқ етті. 1993 жылғы «Жаңғырған Абыралы» аудандық газетінің №29 (2702), шілденің 17-сі күнгі кезекті санында Ә.Сейсенбина мен Қ.Шағыровтардың мақаласын оқыдық: ... Қазақтың шалғай жатқан ауылдың шаттығын шалқытатын бір той бар. Ол - төл тойы - дей келіп, «Жосалы» аталатын Абыралы тауының батыс баурайында өткен «Шопандар тойынан» репортаж береді. Осы той үстіне, дара тұлғалы қазақ қыздарының көш басында жүрген (парламент мүшесі С.Т) Алтыншаш Жағанова мен «Қазақстан әйелдері» журналының жауапты хатшысы, белгілі журналист Жұмагүл Солтаевалар кез болып катысады. Аудан тұрғындары зор мақтаныш пен құрметті қонақтарына қуаныш-құшағын ашады. Шын мәнісінде, олар «Құрбандыққа шалынған» Абыралының Ақтабан шұбырындысынан айықтырар шара ауданның қайта дербес ашылғанын көзбен көріп, онсыз де қасіретке белшесінен батқан абыралылықтарға ғана емес, бүкіл қазақ тарихына жасалған қиянаттың улы ошағында болу, ел мен әлеуметтік ахуалы тұралап қалған аудандағы ана мен баланың жағдайын білуге келіпті. Осы сапарлары жайлы «Қазақстан әйелдері» журналының қараша айында жарық көрген санындағы Ж.Қуанышбек қызының мақаласынан оқуға болады: ... «біз келгенде той болып жатыр екен. Иә бұл өңірде деп осындай тойдың өтпегеніне де біраз болған шығар. Той өткізуге де көңіл керек қой. Ал, Абыралы жұрты көңіл хошын ұмытқалы қашан. Айдың, Күннің аманында жері жұтқа, халқы босқынға айналып, рухани күйзеліске үшыраған өңірдің халқы үшін мұндай мерекенің жөні белек емес пе? - дейді ауыл қариясы Сейітмұхамет бізге мән-жайды түсіндіріп. Жергілікті азаматтар көңіл түкпірінде, қорғасын мұңды ірікпей, ашына ашық айтып жатты. Ауданы қайтадан шаңырақ көтерді, көп көңілінде әлдеқандай үміт отының жаққанын да жасырмады. Абыралы тауының баурайы полигонның дүрсіліне емес, қазақ тойының дүбіріне бөлене берсе екен деген тілекке жалғасты.
  Заман озып, арайлап таң атқанда,
  Ерік тиіп, дабылдап үн қатқанда,
  Әшкереленді полигон қасіреті,
  «Қайнар мұңын» жария сайратқанда.
  Тағдыры ұқсас Хиросима,
  Нагасаки сабағы - Есті жина!
  ... Оянып намыс,
  Адамзатқа жар салғандай,
  Абыралы-Қайнарға әлемдік
  дербес статус сыйла!
  Басым жұртта имани сана.
  Шешілер ұзамай, бұл тілек те,
  Елбасы Нұрекең - Дара пана!»
  «Үміттерін үкілеумен, күрсіне уһілеумен төзіп келеді. Бірте-бірте Абыралы деген ат ұмытылып, оның кезінде бай, іргелі, берекелі елдімекен болғаның біреу біліп, біреу білмейтін күйге түсті» (Р.Нұрғалиев). Иә, академик ініміз де осы полигон зардабынан мезгілсіз қайтып еді жалғаннан. Ол соңғы бір келген кезінде, 2009 жылы қыркүйекте бас қосылғанда айтқаны да еске орала береді: «Газеттен оқимыз, телеарнадан көреміз: пәлеңшекең деген ғалым, жазушы, композитор туған жеріне барып кездесу өткізіпті. Сонда мен ойлаймын, біздің мықтылар неге келмейді деп. Күтіп ала алмаймыз ба, құрметке жоқпыз ба? себеп, мен білсем басқада шамасы» - дегені күні кеше айтқандай. Торығу осындайдан болады. 26 маусым 2013 жылы Абыралы тағы бір асыл ұлынан айырылды. Жақыпұлы Өміржанның ойы озық, ісі нақты, уәдеге берік болатын. Қазақстанда 1994 жылдан бастап экологиялық апат аймағы статусын алған екі аймақ бар, олар Арал маңының қазақстандық бөлігі, Семей облысының бүкіл территориясы және Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының полигонға шектес аудандары. Дегелең тауы баурайындағы ағайындағы қайнарлық туыстарынан да бұрынырақ секем алып, көргені де, көнгендері де ерекше екен. Олар сонау Ұлы Отан соғысы жеңісін тойлап бейбіт еңбекке екілене, білек сыбана кіріскен кезі 1945 жылдың қара күзінен -ақ, сырттан сыпайылап келіп, таудың терістік жағынан кент деп аталатын қала құрылысын салуды бастаған.
  Бұл - күн көсемнің тікелей ұйғарымы, билігімен жіберген Курчатов әскери бөлімшесінің құрылыс батальоны екен. Олар әрі асығыс, әрі қүпия тапсырма орындаушылар көрінеді. 1948 жылдың басында Плутон нұсқасын, ал жыл ортасынан кешіктірмей Уран нұсқасынан сынақ өткізу керек деген бұйрық беріледі. Ақыры Курчатовтың бұл тәжірибесі ойдағыдай нәтиже берген соң, барлық билік Курчатовқа беріліп, басқа ғалымдар одан шеттетіледі.
  1949 жылдың 6-шы шілдесінде КСРО -да жарылыс қуаты 20 мың тонна тротилға тең бірінші атом бомбасы жасалады. Ол «РДС - 1» деп аталады. («Россия делает сам» деген сөз). «Шындықтың шырылы — 40 жыл бойы созылған сынақтардың барлығына дерлігі тек қана Абыралы жерінде жасалуында. Негізінен жер асты сынағының жасалған жері - Дегелең тауын үңгіп 48 (штольня) жерде болса, қалғандары Молдабайдың Қосшоқысы, Сарқожабек жазығы, Тарбақ, Майлықара, Дуана, Балапанда жасалған көрінеді. Ал, Саржал кеңшары (Абай ауданы) шекарасына тақау Шүрек пен Атымтай аралығында үш жарылыс қана өткен. «Ашық көл» суы содан пай да болған. Ал, барлық 466 (338 жер асты - 128 жер бетінде өткен) сынақтың Абыралы халқына ерекше бөлек тәжірибе үшін жасалған сынақ - Сайым Бекмұқановтың дерегі бойынша, 1952 жылғы 25 қыркүйекте Абыралы тауынан небәрі 20 шақырым қашықтықта (Қайнардың іргесінде деуге болады (жасалуы нағыз қылмыс демеске болар ма? Осындай халықтың (адамдар мен малдардың) көбірек топтасқан жерінде 12 тамыз 1953 жылы «Щ» аймағында жасалған сутегі бомбаларының әкелген заряды сұмдық көп болатын. Тек, Қайнар түрғындарында кездескен және жапсарлас-көршілес Қарағанды, Егіндібұлақ, Май, Жаңа Семей, Саржал елдімекендерінде бұрын - соңды кездеспеген (болмаған) ауру, өлім-жітім түрлерінен кейін, еріксіз мойындалған биофизика институтының Академигі А.Лебидинскийдің оны «Синдром Қайнара» деп атауы бұған айғақ болған. (Д.Қошқарбаев). 28 ақпан 1988 жылы Қазақ теледидары арқылы Олжас Сүлейменов (Қазақстан ЖО бірінші хатшысы) Алматыда сөз сөйлеп, сол күні «Невада - Семей» қозғалысы емірге келіп, нақты іске кіріскен болатын. Семей обком партиясының бірінші хатшысы Кешірім Бозтаевқа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз кезінде ақыл-кеңесін беріп, қолдауымен полигонға қарсы батыл пікірлер айтып, Одақ көлеміне мәселе көтерумен, халыққа жеткізумен аждаһаның көмейін бітеп, сынақтың тоқтауына, Абыралы ауданын қайта атауымен дербес аудан құрылғанына тарих куә... Осы елдің батырлары мен жақсы жайсаң тұлғалары жайлы, қалам тартылып, кең түрде нақты насихатталу шаралары қолға алынса дұрыс болар еді. Абыралы жеріндегі «Мәдени мұра» бағдарламасына лайық орындар есепке алынып, жаңғырта, ескерткіштер салу қолға алынса, тарихи әділет Абыралы жері мен елі үшін үстемдігі болар еді. «Тауларды аласартпай, даланы асқақтатайық!» - дейтін заманымыздың біртуар азаматы Олжас Сүлейменовтың аузынан айтылған қанатты сөз тіркесі Абыралы тауы мен қасіретті де қасиетті даласы мен ел жұртына арнайы айтылғандай әсерде боласың. Абыралы қасіретін ет жүрегімен егіле сезініп, кісілік танытқан облыс басшысы Кешірім Бозтаев марқұмның да ерекше ерлігі де жалғасар! Аруақтарға тағзым, Ақиқатқа жүгінер әділдік те мәңгі болғай! Азаматтық өре барлық замандарда, әсіресе, қилы-қилы күрделі кезеңдерде адамгершілік пен ерліктің негізгі өлшемі болған, бола да бермек ізгі қасиет.

Тәбәрікұлы С.Тарихи әділетсіздік // Семей Таңы-2014-№66-22 тамыз-3б.