АКЦИЯ от www.R3.ru - хостинг сайтов 72р. в месяц. Домен в подарок!


Басты бет

СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ ПОЛИГОНЫН ЖАБУ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҒЫ

«Ядролық қарусыз бейбітшілік әлемге» виртуалды көрмесі Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жылдығына арналады.

Құрметті оқырман, виртуалды көрменің бөлімдері Сіздерді кітапханамыздың қорындағы мазмұнды ақпарат көздерімен, Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы "Невада-Семей" қозғалысының вице-президенті С.О.Картоев ұсынған материалдармен, Интернет-материалдары топтамасымен таныстырады. Көрмеде барлығы 20 мақала, 11 кітап, 9 өлең, 53 фотосурет, 7 электронды басылым, 6 онлайн-сұхбат, 6 бейнефильм, 17 деректі және көркем онлайн-фильмдер, 103 библиографиялық көрсеткіштер ұсынылған.

9 бөлімнен тұратын көрменің алғашқы «Оқиғалар хроникасы» деп аталатын бөлімінде Семей ядролық сынақ полигонындағы алғашқы ядролық жарылыстан бастап бүгінгі күнге дейінгі полигонның тарихы мен маңызы жайында мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген 14 мақаланың толық мәтіні берілген.

Пайдаланушылар кітапхана қорында сақталған Н.Ә.Назарбаев, М.Аймақов, Д.Сейсенұлы, Б.Ә.Төлеубаев, Е.Байғабылұлы, Қ.Олжайдың кітаптарымен «Ядролық полигон кітап беттерінде» бөлімі арқылы таныса алады.

«Ядросыз әлемге бастаған Қазақстан жолы» бөліміндегі бөлімшелерге «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалыстың вице-президенті С.О.Картоевтың жеке қорынан алынған кітаптар, фото және бейнеқұжаттар ұсынылған.

Көрменің «Фоторепортаж» бөліміне ядролық жарылыс сәттері мен олардың зардаптары, жарылыс кезіндегі жақын маңдағы елді мекендер, жарылыстарды өз көзімен көрген адамдар мен полигонды жабу үшін үндеу қосқан антиядролық қозғалыстың мүшелері бейнеленген фотосуреттер орналастырылған.

«Деректі кино» бөліміне кітапханамыздағы мультимедиялық басылымдар топтамасының тізімі мен Семей ядролық сынақ полигоны туралы онлайн фильмдерге сілтеме берілген. Пайдаланушы қауым осы бөлімнен көркем фильмдерді де көре алады.

«Ядролық полигон құрбандарына арналады» бөлімі «Полигон өнер саласында» және «Полигон туралы поэзия» атты бөлімшелеріне бөлінген. Өлең сүйер қауымға белгілі ақындар Мәриям Хәкімжанова, Несіпбек Айтұлы, Бауыржан Жақып, Қорғанбек Аманжол, Тыныштықбек Әбдікәкімов, Серік Қасым сынды ақындардың өлеңдеріне сілтеме берілген.

Сондай-ақ, бөлімде белгілі суретші Александр Шевченко мен Кәріпбек Күйіков сынды суретшілердің туындылары және Семей қаласындағы «Өлімнен де күшті» монументі, «Бейбітшілік» стелласы, «Хиросима» бейбітшілік тасының суреті қысқаша мәліметімен берілген. Аталған тарихи-мәдени ескерткіштер туралы мақалаларды пайдаланушы қауым «Полигон туралы мақалалар» бөлімшесінен оқи алады.

Көрменің «Көркем әдебиеттегі полигон» бөлімінде кітапхана қорындағы Н.Ораз, М.Сәрсеке, Д.Сейсенұлының көркем туындылары мен Д.Рамазан, Р.Нұрғалиұлы және Р.Мұқанованың онлайн әңгімелеріне сілтеме ұсынылған. Олжас Сүлейменовтің берген интервьюі мен Семей полигонының зардабын тартқан жандар жайлы онлайн-бейнетүсірілім «Невада-Семей» бейнесұхбат бөліміне орналастырылған.

«Семей полигонының тарихы», «Полигон сынақтарын зерттеу мәселелері», «Невада - Семей қозғалысы», «Полигон зардаптары» атты бөлімдерден тұратын көрменің «Библиография» бөлімі пайдаланушыларға кітапханамыздың қорында сақталған 104 басылымның тізімін ұсынады.

Ғаламтор пайдаланушы қауымға жол тартып отырған «Ядролық қарусыз бейбітшілік әлемге» виртуалды көрмесі Семей ядролық сынақ полигоны туралы материалдар іздеген пайдаланушы қауымға қажетті ақпараттар іздеуде көмекші бола алады деген ойдамыз. Егер Сіздің виртуалды көрме жайлы ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңіз болса хабарласуларыңызды өтінеміз. Көрме қоры алдағы уақытта үнемі толықтырылып отырады. Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін маңызды.

Байланыс телефоны: 8 (7222) 52 01 44

Е-mail: semeybib@yandex.kz

Web-сайт:www.semeylib.kz